Назар аударыңыз!
Сен жассың, жігерлісің, алға ұмтылып, еліңнің дамуына үлесіңді қосқың келсе, онда «Жастар кадрлық резерві» байқауы сен үшін!
Жобаға өзінің аналитикалық ойлау қабілеті жоғары және көшбасшылық мінездемелері айқын қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін сайтта тіркеліп, сауалнаманы толық толтыру керек. Қатысушылардың байланыс телефондары мен электрондық пошталары аймақтық үйлестірушілерге хабарласу үшін қажет, сайтта қөрсетілмейді.
Сауалнаманы 2011 жылдың 1 тамызына дейін толытырып, тіркету қажет. Сонымен қатар өзіңіздің дара рейтингіңізді «үй тапсырмасын» орындау (Байқау Ережесінің №1 қосымшасын көріңіз) арқылы көтеріп, ұпай жинай аласыз. Оқудағы және кәсіби жұмысыңыздағы жетістіктеріңіз жайлы ақпаратты сауалнаманың тиісті бөлімдеріне 2011 жылдың 1 қарашасына дейін еңгізу керек.
Назар аударыңыз! Белгіленген шарттарға сәйкес келмеген, сондай-ақ тіркелу мерзімі өткеннен кейін келіп түскен сауалнамалар ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды.







