2011 жылы шілденің 5-де «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен облыстық партия филиалының кіші мәжіліс залында «Жастар кадрлық резерві - 2011» байқауы бойынша Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасымен бірлескен
2011 жылы шілденің 5-де «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен облыстық партия филиалының кіші мәжіліс залында «Жастар кадрлық резерві - 2011» байқауы бойынша Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасымен бірлескен жиналыс өтті.
Жиналысқа облыстағы мемлкеттік емес жастар ұйымдарының жетекшілері, жоғары оқу орындарын тәмәмдаған жастар және қалалық, аудандық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылары қатысты.
Жиналыста облыстық партия филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі А.Бопылдықов пен «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы М.Қалауи биылғы «Жастар кадрлық резерві» байқауының ерекшеліктері мен оған қатысудың мүмкіндіктері туралы қысқаша түсіндіріп, осы бағыттағы насихаттау жұмыстарын бірлесіп жасау туралы облыстық Ішкі саясат басқармасына ұсыныс жасап, қабылданды.
Алға қарай да осындай кездесулер мен жиындар тек облыс орталығында емес, аудан орталықтарында да ұйымдастырылып, «Жастар кадрлық резерві - 2011» байқау бойынша ақпараттық – насихаттық жұмыстары жүргізілетін болады.









