Байқау туралы

Жастар кадрлық резерві

байқауы қызметтік өсуге ынталандырылған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары дамыған мамандардың республикалық деректер базасы.

Бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кірудегі еліміздің жаңашылдық қадамын қамтамасыз ету үрдісінде, Қазақстан жастарын мемлекеттік қызметке дайындау мақсатында 2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығының II Форумында, 2010 жылдың 14 мамырында «Жас Отан» Жастар қанатының І Съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастар арасынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек деп» атап көрсеткен болатын.

2009-2010 жылдары аталған жобаға 3 000 жуық жастар қатысып, олардың 100 адамы ашық байқауға қатысты. Олар білім беру бағдарламаларынан, тестілеуден, кәсіби қызмет бабының бағалануынан өтіп, мемлекеттік органдарда, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-та жұмыс жасайтын кәсіби жетекші өкілдерімен кездескен болатын.

Байқау барысында жобаға қатысушы түлектері-потенциалды стратегиялық ойлары мен қабілеттіліктерімен көзге түсті. Қазіргі таңда резервистер мемлекеттік қызмет, бизнес пен қоғамдық игілеріне қызмет етуде.
2011 жылғы жобаға өзінің аналитикалық ойлау қабілеті жоғары және көшбасшылық мінездемелері айқын байқалатын қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Іріктеу төмендегідей кезеңдер бойынша өтеді:

1. Жобаның ресми сайтының (www.rezerv.kz ) тиiстi бөлiмiндегi сауалнаманы толтыруы (жас шамасы, бiлiм, жұмыс орны, кәсiби дағдылар тағы басқалар). Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі кезеңге 300 қатысушы іріктеледі;
2. Тестілеу, бағалау келесі критериялар бойынша өтеді: интелектуалды және эмоционалды қабілеті, эссе жазу, шет тілдері бойынша тест (шет тілі – таңдау бойынша, мемлекеттік тіл – міндетті түрде). Тесттен өткен 150 қатысушы қорытындысы бойынша сұхбатқа қатысады;
3. Сұхбат қорытындысы бойынша 100 үздік қатысушы анықталады.

Бұдан әрi байқау қатысушылары отандық және шетелдік мамандарының қатысуымен білім беру бағдарламалары, дәрiстер, семинарлар, жаттығулар, мастер-класстар, (кәсiби құзырлардың бағасы) асессментке қатысып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдарда тәжірибеден өтеді.

Ең жоғары рейтинг жинаған үздік 30 қатысушысына жастар кадрлық резервi жобасының қорытындылары бойынша жоба сертификаттары табысталып, алады және мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет салалары басшыларына аталған жоба қатысушыларына жоғарғы қызметке өтуіне ұсыныс жасалады.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен жүзеге асырылуда.

Разработка ТОО "МИТ.KZ"