Құрметті «Жастар кадрлық резерві» жобасының үміткерлері!

Құрметті «Жастар кадрлық резерві» жобасының үміткерлері!

Жоба дирекциясы ресейлік мотивация саласындағы алдынғы қатарлы сарапшылар Т.Погосова мен А.Власованың жеке тиімділікті басқару, өмірді стратегиялық жоспарлау семинарының бірінші кезеңінен өткен, 2009-2010-2011 ж.ж. жоба қатысушыларын екінші бөліміне шакырады.

13 Іс-шара 2011 жылдың қазан айының 28-30 күндері аралығында Астана қаласында өтеді. Семинар қатысушыларын Астана қаласында қонақ уйде орналастыруы мен тамақтануы - жоба әкімшілігі «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ есебінен. Семинар бағдарламасының ақысы (30 000 теңге әр қатысушыдан), Астанаға келіп-кету жол шығыны - қатысушылардың есебінен.

17 Назар аударыңыздар! Тренинг толық 3 күн бойы өтеді (!), 2011 жылдың 28-30 қазан аралығында таңғы сағат 8.00 ден кешкі сағат 20.00-ге дейін, тускі асты қоса есептегенде.

Сондықтан, республика аймақтарынан келетін қатысушылар қатаң түрде 27 қазанда келулері қажет. 2011 жылдың 28 қазанында 8.00 ден кешіккен қатысушылар семинарға жіберілмейді. Қатысушылардың қайту уақыты 30 қазан (кешке), 31 қазан (күннің бірінші жартысы).

18 2011 жылдың 21 қазанына дейін қатысу туралы ақпаратты міндетті түрде «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының үйлестірушілері және Астана қаласындағы жоба дирекциясына 8 (717-2) 32-71-59 телефон арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша аймақтық филиалдарының жоба үйлестірушілеріне (қажетті мәліметтерді байланыс бөлімінен қараныз), жоба дирекциясына хабарласыңыздар.

Разработка ТОО "МИТ.KZ"