ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСТАР КАДРЛІК РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» Қауымдастығының Кеңес Төрағасының міндетін атқарушысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр МӘКЕН, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің  директоры Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВ қатысуымен «Жастар кадрлық резерві» жобасының басталуы» тақырыбына баспасөз конференция өтті.

«Болашақ» Қауымдастығы Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Жастар кадрлік резерві 2017» республикалық жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты: жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа тобын қалыптастыру.

Жобада 18 бен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысуға өтінімдерді қабылдау www.rezerv.kz сайтында осы жылдың 12-30 қыркүйек күндерінің аралығында жүзеге асады.

Жоба бірнеше кезеңде өтеді: сайыскерлерді тіркеу, іріктеу, сұхбаттасу, білім беру кезеңі және тағылымдамадан өту.

Жоба нәтижелері бойынша мемлекеттің әрбір аймағынан 3 адамнан, жалпы 48 жастар іріктеліп алынады. 32 адам ҚР Парламент Мәжілісінде, ал 16 адам мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

Сайыскерлерді ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарынан, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ және бизнес саласының өкілдерінен тұратын арнайы комиссиялар іріктейді.

«Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы м.о. Бахтияр Макен: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында еліміздің Президенті білімге ерекше назар аударады және басты құндылық білім алу болған жағдайда ұлттың табысқа жететіні туралы айтады. Біздің басты мақсатымыз – осы жобаның көмегімен еліміздің жас ұрпағының ең жақсы әлеуетіне негізделген күшті резервті құрастыру. Мемлекет жастар игілігіне бағыттаған ресурстар осы секілді бағдарламалар арқылы өз қолданысына ие болады», - деп атап өтті.

Анықтама: «Жастар кадрлік резерві» жобасы 2009 жылдан бастап жүзеге асып жатыр. 8 жылдың ішінде жобада 14 000-нан астам жастар қатысты, олардың ішінен 420 адам ашық іріктеуден, тестілеуден, білім беру модульдерінен және кәсіби құзыреттілікке баға беруден өтіп, түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өтті.

Жобаны ұйымдастырушылар: «Болашақ» Қауымдастығы, Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты.



Қаралым: 808
Резервистер
Амреева Динара Сериковна
Пікірлер

Кочетов Евгений

2011 ж. резервисті, "Қазконтент" АҚ Басқарма басшысы