Ереже

ЕРЕЖЕ

«Ұйымдастырушылық қабілеттер мен көшбасшылық қасиеттерге ие жастарға және сонымен қатар жастар ұйымдарының басшыларына білім беруге бағытталған «Жастар кадрлік резерві»

 

I. Жалпы ережелер

 

1.1. «Жастар кадрлік резерві» - бұл мансаптық дамуға ұмтылған, кәсіби біліктіліктері мен басқару құзыреттері жоғары деңгейде дамыған мамандардың республикалық мәліметтер базасы.

1.2. Жастар кадрлік резервін қалыптастырудың мақсаттары:

- кәсіби өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған жас басқарушыларды іздестіріп, іріктеу, жастар арасында парламентшілік пен құқықтық және саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету.

- олардың кәсіби өрлеуіне жәрдемдесу және қоғамдық мойындауын қамтамасыз ету, оларға білім беру, біліктіліктерін арттыру;

1.3.Жобаның міндеттері:

-            Анықтау, іріктеу, дайындау, білім беру, тағылымдамадан өту (32 адам Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде 2 апталық тағылымдамадан өтеді, 16 адам мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді) және белсенді жастардың өзара тәжірибе алмасуы;

-            Жас қазақстандықтардың жаңа білімдерді алуға және өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби өрлеуі үшін қажетті жағдайларды жасау;

-            Алдыңғы қатарлы білім беру технологияларына негізделген кадрлік резервті дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

1.4. Жоба Қазақстан Республикасының Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігімен (әрі қарай – «Болашақ» Қауымдастығы) жүзеге асырылады.

1.5. Бұл ережеде келесі негізгі түсініктер қолданылады:

- Сайыскер – жоба сайысының сәйкес бөлімінде (www.rezerv.kz) сауалнаманы толтырған 18 бен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы, жеке тұлға;

- «Формалды іріктеу» – бастапқы іріктеудің кезеңі, онда сайыскерлерге формалды критерийлер бойынша баға беріледі (білімі, жасы және т.б.). Формалды іріктеудің нәтижелеріне қарай сайттың модераторы сайыскер толтырған сауалнаманы сайттқа шығаруға құптайды;

- Жастар кадрлік резервіне үміткер – формалды іріктеуден өткен (жоба сайтындағы сауалнаманы шынайы ақпаратпен толтырған) және жобаның келесі кезеңі, сұхбаттасу кезеңіне, өтуге рұқсат етілген сайыскер;

- Сұхбаттасу – жобаның кезеңі, онда жастар кадрлік резервіне үміткерлер барлық аймақтарда жеке сұхбатқа шақырылады;

- Сайыс комиссиясы – сайыс негізінде жастар кадрлік резервіне үміткерлерді кешенді түрде іріктейтін консультативтік-кеңестік орган. «Болашақ» Қауымдастығының өкілдерінен, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттарынан, «Жас Отан» жастар қанатынан, қоғамдық-саяси қайраткерлерден, бизнес саласының өкілдерінен, азаматтық сектордан, мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдерінен құралады;

- Жоба басшысы – жобаның жүзеге асуына жалпы басшылық жасайтын, орталық деңгейде ведомствоаралық үйлестіруді (жобаның серіктестері мен қатысушыларының арасында) жүргізетін және жобаны жоспарлау,оның жүзеге асуына бақылау мен тексеру жүргізетін өкіл;

- Сайыскердің жеке веб-портфолиосы – жобаның ресми сайтында сайыскер туралы мәліметтерді көрсететін сайыскердің жеке анықтамасы;

- Резервист барлық кезеңдерден өтіп, жобаның соңында «Жастар кадрлік резервіне» енген сайыскер.

1.6. Жобаның өтуін үйлестіру жоба басшысына жүктеледі.

1.7. Бұл Ереже сайысқа қатысуға үміт етуші барлық қызығушы тұлғаларға таныстыру үшін ұсынылады.

1.8. Ережеге өзгерістер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін, олар енгізілген күнінен бастап әрекет етеді және кері қайтарылмайды.

 

II. Жобаны өткізу кезеңдері

 

2. Іріктеу кезеңі.

2.1. 2017 жылдың 12-30 қыркүйек аралығында жобаның ресми сайтында (www.rezerv.kz) «Тіркеу» бөлімінде сауалнаманы толтыру арқылы сайыскерлердің ашық тіркеуден өтуі қамтамасыз етіледі. Жоба шарттарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құжаттамаларды қабылдау мерзімі өткеннен кейін тіркелген сауалнамалар қарастырылмайды.

2.2.«Формалды іріктеу» - келесі критерийлер бойынша сауалнамаларға баға беру:

         - білімі – диплом немесе оқу орнынан анықтама мен оқу үлгерімі туралы анықтама (студенттер үшін);

- сыйлықақылар, марапаттар, сертификаттар мен алғыстар;

- білетін тілдер;

- ұсыныстар (бірінші басшылардан);

- қоғамдық қызметі (сертификаттар және т.б.).

         2.3. Республиканың 16 аймақатарындағы аймақтық сұхбаттасулар бекітілген кестеге сәйкес 1-10 қазан аралығы мерзімінде келесі комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді:

         Республикалық деңгейде:

         Комиссия төрағасы

          - «Болашақ» Қауымдастығының өкілі.

         Комиссия мүшелері:

         - ҚР-ның Дін істері мен азамттық қоғам Министрлігінің жастар саясаты департаментінің өкілі;

         - Астана қ. Мәслихат депутаты;

- Астана қ. жастар саясаты мен ішкі саясат мәселелерін басқару басшысы (немесе оның уәкілетті өкілі);

- БАҚ өкілі;

- Қоғамдық қайраткер;

- Бизнес саласының өкілі;

- Бұрынғы жылдар жобасының қатысушысы(резервист).

Аймақтық деңгейде:

Комиссия төрағасы

          - «Болашақ» Қауымдастығының өкілі.

         Комиссия мүшелері:

         - Облыстық немесе қалалық мәслихаттың депутаты;

- Аймақтың жастар саясаты мен ішкі саясат мәселелерін басқару басшысы (немесе оның уәкілетті өкілі);

- «Жас Отан» ЖҚ филиалының өкілі;

- БАҚ өкілі;

- Қоғамдық қайраткер;

- Бизнес саласының өкілі;

- Бұрынғы жылдар жобасының қатысушысы(резервист).

         Сайыскерді келесі кезеңге жіберу туралы соңғы шешімді қабылдау құқығы Комиссия төрағасына беріледі.

2.4. Әрбір сайыскер үшін веб-портфолио жасалады – сайыскердің жеке және кәсіби мәліметтерін көрсететін жобаның ресми сайтындағы сайы скердің жеке анықтамасы.

Іріктеудің жеңімпаздарын анықтау кезінде сайыс комиссиясы үміткердің келесі қасиеттеріне қарай алады:

а) білім деңгейі;

б) қоғамдық қызмет тәжірибесі;

в) қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы жетістіктері;

д) үміткерге сипаттама беретін өзге де назар аударарлық қасиеттер.

2.5. Сайыс комиссиясымен сұхбаттасудың нәтижесінде жалпы 48 адам, оның ішінде әрбір аймақтан 3 адамнан іріктелетін болады (2 адам – ҚР Парламент Мәжілісінде тағылымдамадан өту үшін, 1 адам – мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өту үшін).

2.6. Білім беру кезеңі. 48 адамға рұқсат етіледі.

2.7. Білім беру модулі осы жылдың қазан айында Астана қаласында өтеді, ұзақтығы 3 күннен кем емес және келесілерден тұрады:

-            семинар-тренингтер;

-            алдыңғы қатарлы саясаткерлердің, қоғамдық қайраткерлердің, бизнес саласының өкілдерінің қатысуымен өтетін әңгіме-лекциялар, пікірталастар.

2.8. 48 сайыскерлер қосымша кәсіби білім алу бағдарламасы бойынша білім алудан өтеді. Білім беру кезеңінен өткен сайыскерлер жастар кадрлік резерві тізіміне енеді және жобаның келесі кезеңіне жіберіліп, мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

2.9. Резервисттердің тағылымдамадан өтуі – сайыстың кезеңі, оның барысында 32 адам Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде 2 апталық тағылымдамадан өтеді, 16 адам мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

2.10. Білім беру кезеңінің нәтижелері бойынша жоба қатысушылары үшін сертификаттарды салтанатты түрде табыстау жүргізіледі.

 

III. Сайыскерлердің құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Жобаға қатысуға үміткерлердің, сайыскерлер мен жастар кадрлік резерві үміткерлерінің құқықтары:

-   Жобаның өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттарды алу.

 3.2. Жоба сайыскерлері мен үміткерлерінің міндеттері:

- жоба ережесімен танысу, жобаға қатысу үшін қойылатын талаптарды білу;

- Осы Ережеде көрсетілген ережелер мен әрекеттерді қадағалау.

3.3. Сайыскерлер осы Ережеде көрсетілген шарттарды, ережелерді, әрекеттерді орындамау және бұзу кезінде, сонымен қатар жоба басшылығының шешімі бойынша жобаның кез келген кезеңінде жобаға қатысудан шеттеле алады.

IV. Ақпаратпен қамтамасыз ету

 

4.1. Жобаның ресми сайты www.rezerv.kz жобаның ақпараттық ресурсы болып табылады.

4.2.  Жобаның ақпараттық қолдауы тартылатын медиа-ресурстармен қамтамасыз етіледі (тағайындау бойынша).

4.3.  Қосымша ақпараттық қолдау жоба Серіктестерінің ақпараттық ресурстарымен қамтамасыз етіледі.


Резервистер
Баедилова Анна Сериковна
Пікірлер

Прашкевич Жанна Валерьевна

Популярный казахстанский блогер, создатель информационного агентства News Room