Жастар кадрлық резерві
байқауы қызметтік өсуге ынталандырылған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары дамыған мамандардың республикалық деректер базасы.
2012 жылғы 14 сәуірде өткен резервистер жұмыс тобының отырысында келесі жобалар мен сұрақтар қарастырылды:
Орталық телеарналардың бірінде "Жастар кадрлық резерві" жобасы туралы телебағдарлама сценариі.
Халықаралық жастар дипломатиясы Лигасының Қазақстандық өкілдік жобасы (http://youthdiplomacy.com). 2009 жылғы резервист Долиев Жапал Лиганың Қазақстандағы ресми өкілі болып тағайындалды. Ендігі кезекте Өкілдік құру жоспарланып отыр, ол үшін Лигаға мүшелікке қабылдау жүргізіліп жатыр.
2012 жылғы 13 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің №5 Студенттер үйінде "Жастар кадрлық резерві" түлектерінің студенттермен кездесуі өтті. Кездесуге «ЖКР-2011» резевистері мен жоба үйлестірушісі қатысты. Кездесу барысында студенттерге «Жастар кадрлық резерві» жобасының ережесі көрсетіліп, резервистер өздерінің тәжірибесінен жоба жайлы айтып берді. ЖКР жобасы аясындағы жобалық қызмет студенттерде аса үлкен қызығушылық тудырды. Жоба сайтындағы тіркеу мен қажетті құжаттар, сондай-ақ жоба сарапшылары жайлы бірқатар сұрақтар қойылды.
"Адами капиталдың сапалы дамуындағы жастар кадрлық резервінің рөлі" тақырыбында 2012 жылғы 4 сәуір күні «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Елбасының халыққа Жолдауын талқылау жөнінде «Жастар кадрлық резерві» жобасы резервшілерінің дөңгелек үстелі өтті...